ММА спортшысы сүйіктісіне ұсыныс жасады: қыз келісім беруден бас тартты

11:45, 26 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Прагада аралас стильдегі Чех спортшысы Лукаш Буковаз сүйіктісіне жекпе жек алаңында ұсыныс жасады. Алайда, қыз келісім беруден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен демалыс күндері ММА бойынша жекпе-жекте жеңілгеннен кейін Буковаз сүйіктісіне алаңда ұсыныс жасауға шешім қабылдады. Спортшы қызды рингке шақырып, бір тізе бүгіп, оған сақина ұсынды. Алайда күтпеген тосынсыйға дайын болмаған қыз 20 мың көрерменнің көз алдында келісім беруден бас тартты.

"Біздің арамызда болған барлық оқиғалардан кейін, сенің сатқындықтарыңнан кейін, менің ойымша, бұл жақсы бастама емес. Мен жоқ деймін", - деді ол.
ММА спортшысы сүйіктісіне ұсыныс жасады: қыз келісім беруден бас тартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 11:45

Сурет: X/HappyPunch

Осыдан кейін спортшы командасының адамы рингке жақындап, тор арқылы қызға су шашып жіберді.