Мәскеу маңындағы ғылыми орталықтағы өрт: қаза тапқан адамдар саны артты

20:30, 24 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

24 маусымда Мәскеу маңындағы Фрязино қаласында көпқабатты ғимараттан өрт шықты. Құрбан болғандар саны сегіз адамға дейін артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Известия" ресейлік порталы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Айта кетсек, РФ ТЖМ баспасөз қызметі өрт аумағын 4 мыңнан 4,5 мың шаршы метрге дейін ұлғайғанын нақтылады.


Бұған дейін 24 маусымда Мәскеу маңындағы Фрязино қаласында бұрынғы "Платан" ғылыми-зерттеу институтында алапат өрт болып жатқаны хабарланған. Ол кезде ресейлік БАҚ екі адамның қаза тапқанын жазды. Сондай-ақ ресейлік БАҚ отқа оранған ғимарат "Платан" ғылыми-зерттеу институтына және қорғаныс өнеркәсібіне тиесілі деп жазды, бірақ "Росэлектроника" холдингі бұл нысан 1990-шы жылдардың аяғында жекеменшікке өтіп кеткенін айтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!