Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты, делінген 2026 жылғы 7 ақпандағы Ақорда хабарламасында.
"Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", делінген жеделхатта.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:36, 8 наурыз 2026
Ұландықтар еңбек ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
-
17:15, 8 наурыз 2026
«Қар, жауын-шашын, көктайғақ». Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:38, 8 наурыз 2026
Гимнаст Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің екі дүркін жеңімпазы атанды
-
16:05, 8 наурыз 2026
Иран жоғары көшбасшысын жаңадан сайлады
-
16:05, 8 наурыз 2026
Иранда жаңа аятолла сайланды





