Қостанайда қоқыс тазаланбаса, төтенше жағдай жариялануы мүмкін

10:22, 26 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қостанайды қоқыс басып барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Осылай жалғаса берсе, тазалық жұмысын қалпына келтіру үшін төтенше жағдай жариялануы мүмкін". Бұл қала әкімінің ескертуі.

Көпқабатты үйлердің ауласындағы қоқыс апталап шығарылмайды.

Тау боп үйілген қалдықтардан тіпті, індет тарауы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Тазалаушы компания өкілдері, бұған тұрғындардың өзін кінәлап отыр.

Себебі, қоқыс алаңына жиһаз, құрылыс материладарын да шығарып тастайды.

Сондықтан кәсіпорын міндетіне кірмейтін, ақысы төленбейтін артық жұмыс атқарады.

Қаланы тазарту үшін қосымша мердігерлер тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!