Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті әлемнің үздік университеттерінің қатарына кірді
© Сурет: Facebook/Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Korkyt Ata University) QS Word University Rankings – 2024 халықаралық рейтинг агенттігінің талдауы бойынша тұңғыш рет әлемнің үздік университеттерінің қатарына кірді.
Университеттің 85 жылдық тарихы бар. Алғаш рет Азияның үздік университеттері рейтингінде 2022 жылы ТОП-551-600 орын алған. 2023 жылы ол әлемдік позицияға көтеріліп ТОП-1200-1400 орынды иемденді.
Бүгінде университет 113 бағдарлама бойынша білім береді, 10 мыңнан астам студенті бар, 10 бірлескен және қос дипломдық бағдарламалар, 6 халықаралық және 16 гранттық жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады. Шетелдік оқытушылар мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алатын студенттердің саны жылдан жылға артып келеді.
Сурет: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
2022 жылы алғаш рет "500 ғалым" жобасы бойынша 6 оқытушы шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тәжірибеден өтті (Германия, АҚШ, Ресей, Беларусь), ал 2023 жылдан бастап 14 ғалым Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Ресей, Әзірбайжан елдеріндегі жоғары оқу орындарына тағылымдамаға жолданады. Олар физика, археология, су ресурстары, жылу энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері, құрылыс, шет тілдері, педагогика және психология саласындағы жетекші мамандар.
Университетте жас ғалымдарға грант беру, ғылыми журналдардағы жарияланымдар үшін ынталандыру, жалақыны көтеру, зертханалар мен оқу кабинеттерін заманауи құрал-жабдықтармен жаңарту, ғылымда жоғары жетістіктері бар шетелдік мамандарды шақыру қарастырылған.
2023 жылы Қызылорда қаласында ІТ-технологиялар жоғары мектебін ашу мақсатында Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен келісімге қол қойылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 26 қазан 2024
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған конференция өтті
-
17:51, 26 қазан 2024
Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты
-
17:07, 26 қазан 2024
Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
-
16:11, 26 қазан 2024
Жексенбіде елдің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, дауыл мен екпіні күшті жел соғады
-
15:45, 26 қазан 2024
Қостанай облысында жеңіл көліктің түгі қалмай өртеніп кетті