Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

17:22, 2 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегер атанды.

Біздің спортшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстандықтар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.

Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!