Қазақстандық садақшылар Түркиядағы әлем кубогінің финалына шықты

17:15, 21 маусым 2024

© Сурет: olympic.kz

Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Антальядағы (Түркия) әлем кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтынға таласады.

Турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италияны ұтты.

Алтын үшін таласта Ұлыбританиямен кездеседі. Матч 22 маусымға жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!