Қазақстанда кейінгі бес жылда қартаю индексі айтарлықтай өсті - Ұлттық статистика бюросы

19:34, 25 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

2023 жылы Қазақстанда қартаю индексі 29,5-ке жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,3 пайыздық тармаққа жоғары (2022 жылы 28,2). Бұл дегеніміз, 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 29,5 азамат келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бес жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда (2019 жылы 26,5) қартаю индексі айтарлықтай өскенін көруге болады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бойынша бөліністе айтарлықтай айырмашылықтар анықталды: қартаюдың ең жоғары индексі Солтүстік Қазақстан облысында-72,9, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы 71,8 және Қостанай облысы – 62,1 көрсеткіштерімен белгіленді.

Қартаю индексі ең төмен өңірлер арасында Маңғыстау облысы көш бастап тұр, онда 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 азамат келеді. Төмен көрсеткіштер Түркістан облысында (14,9) және Шымкент қаласында (15,3) тіркелді.

Айта кетейік, қалалық жерлерде қартаю индексі жоғары, 32, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш төмен – 25,8.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!