Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін шетелдіктердің жалақысынан зейнетақы жарналары ұстала ма
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін шетелдіктердің зейнетақы жарналары ұстала ма деген сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 196-бабының 1-тармағына сәйкес, зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.
Осылайша, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен резидент емес тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу заңмен қарастырылмаған.
Сонымен бірге, ЕАЭО мүшесі мемлекеттердің азаматтары, уақытша басқа ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін зейнетақы қамтамасыз ету туралы келісім қолданылады.
ЕАЭО келісімі бойынша еңбек қызметі – бұл еңбек шарты негізінде немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызмет көрсету/жұмыс орындау, ол еңбек ететін мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.
Яғни, мүше мемлекет азаматы – бұл өз еліне азамат болып табылатын, жұмыс істейтін мемлекеттің аумағында заңды түрде тұрып және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын, бірақ сол елдің азаматы емес және онда тұрақты тұрмайтын тұлға.
Сәйкесінше, ЕАЭО мүшесі мемлекеттердің резиденті болып табылатын тұлғаның Қазақстан резидентінен алатын қашықтан көрсеткен қызметі үшін табысы, егер қызмет Қазақстан аумағында орындалмаса, міндетті зейнетақы жарналарының есептелу және аударылу нысанына жатпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 9 ақпан 2026
Қазақстан Франциямен арадағы заңсыз көші-қон туралы келісімді ратификациялады
-
18:07, 9 ақпан 2026
«Казфосфат» жаңа өндірістік деңгейге шықты
-
18:02, 9 ақпан 2026
Қазақстан мен Моңғолия Үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық келісімі ратификацияланды
-
17:50, 9 ақпан 2026
Таразда көлігінің жүк салғышынан 38 келі марихуана шыққан ер адам 8 жылға сотталды
-
17:12, 9 ақпан 2026
Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов





