Қазақстан ТШО-дағы үлесін арттыруды талап етуі мүмкін

19:17, 29 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылғы 29 қаңтарда ведомствода өткен брифинг барысында Қазақстан Өнім бөлінісі туралы келісімдер (ӨБК) бойынша нақты қандай келісімшарттарда үлесін арттырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәтқалиев халықаралық уағдаластықтар шеңберінде консорциумға қатысушылармен халықаралық құқық тұрғысында консультациялар өткізу жайында ашықтан ашық тапсырма берілгенін еске салды.

"Бізде кен орындарын игеру мерзімдері, консорциумдағы мерзімдер негізінде ең өзектісіне серіктестері Chevron, Exxon Mobil, Лукойл болып табылатын ТШО, Теңіз кен орны жатқызылады. Яғни, біз олармен алдын-ала белгілі бір консультацияларды бастауды жоспарлап отырмыз. Мұндай келіссөздерді бастауға дайын болған кезде. Алдын ала Үкімет күн тәртібін қалыптастырады, өз талаптарының тізімін түзеді. Мүмкін болатын талаптардың бірі – Қазақстанның осы жобалардағы үлесін ұлғайту, осы туралы айтылатын болады", - деді Энергетика министрі.

Ол мұндай келіссөздерді бастау алдағы бір-екі жылға жоспарланып отырғанын айтты.

28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстан үшін тиімді шарттарда мұнай кен орындары бойынша Өнім бөлінісі туралы келісімдер (ӨБК) бойынша келіссөздерді жандандыруды тапсырған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!