Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бекет үш айға жабылады
© Фото: pixabay
"Тәжен" өткізу бекеті арқылы өту уақытша тоқтатылды. Бұл маңызды мәлімдемені 2025 жылдың 30 қаңтарында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасуда.
Өзбек тарапымен келісім бойынша (ноталар алмасу арқылы) жеке тұлғалардың "Тәжен" өткізу пунктін кесіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың өтуі, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің өтуі "Тәжен" (ҚР) – "Даут Ата" (ӨР) өткізу пункттері арқылы уақытша тоқтатылады.
Осыған байланысты, жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-өзбек шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:
- "Б.Қонысбаев" (ҚР) – "Яллама" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүктемелейтін жүк автокөлік құралдары);
- "Қапланбек" (ҚР) – "Зангиота" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар);
- "Сырдарья" (ҚР) – "Малик" (ӨР), "Целинный" (ҚР) – "Ок Олтин" (ӨР) өткізу пункттері (жеңіл автокөлік құралдары легковые, жеке тұлғалар);
- "Бейнеу" (ҚР) – "Каракалпакия" (ӨР) теміржол өткізу пункттері (теміржол көлігімен жеке тұлғалардың өтуі).
Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:31, 20 ақпан 2025
Спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған
-
12:12, 20 ақпан 2025
Саясаттанушы: Тоқаевтың Иорданияға сапарын стратегиялық деп атауға болады
-
12:01, 20 ақпан 2025
Қостанайда интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдік азамат тұтқындалды
-
11:54, 20 ақпан 2025
Трамп Зеленский жайлы тосын мәлімдеме жасады
-
11:36, 20 ақпан 2025
20 ақпанда СҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Танымал жаңалықтар
-
15:38, 19 ақпан 2025
-
14:24, 19 ақпан 2025
-
14:56, 19 ақпан 2025
-
16:06, 19 ақпан 2025
-
15:19, 19 ақпан 2025
-
18:10, 19 ақпан 2025
-
14:35, 19 ақпан 2025
-
14:10, 19 ақпан 2025
-
16:41, 19 ақпан 2025
-
19:02, 19 ақпан 2025
-
13:27, 19 ақпан 2025
-
15:29, 19 ақпан 2025
-
13:47, 19 ақпан 2025
-
18:41, 19 ақпан 2025
-
20:44, 19 ақпан 2025