Қазақстан мен Катар қылмыскерлерді экстрадициялауға келісімге отырды
© Фото: pexels
Мәжіліс депутаттары 2025 жылғы 29 қаңтарда палатаның жалпы отырысында Қазақстан мен Катар арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы келісімді ратификациялады. Құжаттар Сенатқа берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев атап өткендей, Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы Ұстап беру туралы келісімге 2024 жылғы 14 ақпанда Дохада қол қойылды және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша екі елдің құзыретті органдары арасындағы құқықтық қатынастар реттелді.
"Келісім экстрадициялауды жүзеге асыру және одан бас тарту үшін негіздерді айқындайды, сондай-ақ беру шарттары мен рәсімдері, кейінге қалдыру және шығару туралы ережелерді қамтиды. Тараптардың өз азаматтарын беруі көзделмейді. Іздеуде жүрген адамдарды алдын ала қамауға алу тәртібі, сондай-ақ қылмыс нәтижесінде алынған немесе дәлел бола алатын заттар мен құжаттарды алу және беру мәселелері регламенттелген", – деп атап өтті ол.
Мәжіліс қорытындысында келісімді ратификациялау екі елдің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге және жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
Сол күні мәжілісмендер Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады.
"Келісімде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастыққа жауапты орталық органдар айқындалған, өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі регламенттелген, көрсетілетін көмектің тізбесі, көмектен бас тарту үшін негіздер, құпиялылық туралы шарттар және мәліметтерді немесе дәлелдемелерді пайдаланудағы шектеулер айқындалған. Сондай-ақ, іс жүргізу әрекеттеріне қатысушылардың құқықтары, қамауға алынған адамдарды немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарды уақытша беру шарттары белгіленген. Қылмыстық қызметтен түскен заттарды, құжаттарды, қаржы активтерін және басқа да кірістерді анықтау, табу, қамауға алу және тәркілеу бойынша көмек көрсету шарттары белгіленді", – делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.
Бұған дейін елімізде соңғы бес жылда 1300-ден астам ауыл жабылып қалғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 17 ақпан 2025
Алматыда көліктің алдыңғы нөмірін аударып алған көлік жүргізушісі сотталды
-
17:15, 17 ақпан 2025
Мемлекетаралық іздеудегі Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды
-
16:51, 17 ақпан 2025
АҚШ пен Ресей келіссөздері: делегациялардың құрамына кімдер кіреді және ол қайда, қашан өтеді
-
16:44, 17 ақпан 2025
Алматыда бұрынғы бас сәулетшіге қатысты сот үкімі шықты
-
16:35, 17 ақпан 2025
Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғаны белгілі болды
Танымал жаңалықтар
-
09:46, 17 ақпан 2025
-
10:10, 17 ақпан 2025
-
13:17, 17 ақпан 2025
-
09:22, 17 ақпан 2025
-
09:34, 17 ақпан 2025
-
10:51, 17 ақпан 2025
-
10:42, 17 ақпан 2025
-
09:11, 17 ақпан 2025
-
11:29, 17 ақпан 2025
-
10:23, 17 ақпан 2025
-
11:48, 17 ақпан 2025
-
11:04, 17 ақпан 2025
-
15:41, 17 ақпан 2025
-
12:19, 17 ақпан 2025
-
11:18, 17 ақпан 2025