Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды

© Сурет: Telegram/ҚР Спорт комитеті
Бүгін, 14 маусымда, волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, чемпионат барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.
Сондай-ақ чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Қасқабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.
"Чемпионаттық ақтық жарысы тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал болған жоқ. Финалдық кездесудің алғашқы екі сетінде алаң иелері – Қытай құрамасы басымдық танытты. Алайда ұлттық құрамамыз керемет ерік-жігер мен шеберліктің арқасында келесі үш сетте басым түсіп, тартысты ойында тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл – Қазақстан үшін Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медаль. Жарысқа дайындық барысында қолдау білдірген серіктестеріміз — Citi, Sport Qory, “Самұрық-Қазына” АҚ және басқа да демеушілерге алғысымызды білдіреміз", – деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.
Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Жарысқа 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық командасы қатысты. Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.
Бұған дейін Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 8 шілде 2025
Қауіпті ауа райы: Астанада, Алматыда және 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
-
22:36, 8 шілде 2025
Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
-
21:53, 8 шілде 2025
Айым Қанағатова теннистен Нидерландта өткен турнирдің жеңімпазы атанды
-
21:12, 8 шілде 2025
Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адам күйіп қалды
-
20:52, 8 шілде 2025
Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде қола медальға ие болды