Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады

22:54, 10 қаңтар 2025

© Сурет: olympic.kz

10 қаңтарда Тунисте саблямен семсерлесуден Гран-при сериясының кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік жарыста Қазақстан әйелдер құрамасының атынан Полина Ко, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Жасмин Қапыджы және София Спичева өнер көрсетеді.

Ерлер арасында жүлде үшін Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев, Артем Саркисян, Назарбай Саттархан және Қуаныш Ерғашбай бақ сынайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!