Қарағанды облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
© Фото: pexels
Қарағанды облысында патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 50 жастағы жүргізушіні ұстады.
Белгілі болғандай, ол бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Оқиға Алматы – Екатеринбург автожолының 250-шақырымында болған.
Бұқар жырау аудандық патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде даладағы қара жолдың бойында тұрған Mitsubishi Pajero автокөлігін байқайды.
Көлікке жақындаған тәртіп сақшылары жүргізушімен алғашқы тілдесу кезінде-ақ алкоголь иісін сезген. Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның мас күйде болғаны расталды.
Тексеру барысында 50 жастағы жүргізушінің бұрын мас күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Алайда бұрынғы жазадан сабақ алмаған ол тағы да заң талаптарын бұзған. Бұл жолы ер адамға әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция мас күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп екенін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға қатысты заң талаптарына сәйкес қатаң шара қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:07, 13 қараша 2026
Қазақстанда күн суытып, аяз 18 градусқа дейін күшейеді
-
13:49, 13 қараша 2026
Қытайдан Ресейге 15 жаңа көлік тасымалдаған екі автовоз Қазақстанда аударылды
-
13:37, 13 қараша 2026
Алматыда бейнебақылау камераларының саны екі есе артады: қалада тағы не өзгереді
-
13:29, 13 қараша 2026
Көлік нөмірін таспамен өзгерткен жүргізуші бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
-
13:18, 13 қараша 2026
Украинадан әкелінген 60 бұғы Бурабайға қалай жерсінді





