Қандай тауарларды Ұлттық тауарлар каталогына тіркеу қажет емес
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 22 сәуірде ОҚК-да өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нүсіпов Ұлттық тауарлар каталогына қатысты талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Асет Нүсіповтің айтуынша, Ұлттық тауарлар каталогы қазіргі уақытта белсенді түрде дамып жатыр.
"Онда қазірдің өзінде шамамен 24 млн тауар тіркелген. Оның ішінде 11 млн-нан астамы тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жалпы классификаторы бойынша жіктелген. Күн сайын шамамен 100 мың жаңа тауар қосылады. Жүйеде барлығы 41 мыңға жуық сауда субъектісі тіркелген", – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық тамақтану саласы мен тұрғын үй жылжымайтын мүлігі бойынша өтпелі кезеңде тауарларды тіркеу міндетті емес деп шешілген.
Болашақта олар үшін базалық тауар карточкалары қолданылатын болады. Мұндай қарапайым карточкалар энергетикалық ресурстар, қолөнер және ремесло өнімдері, сондай-ақ полиграфиялық өнімдер бойынша да пайдаланылады.
Сонымен қатар, каталогқа тіркеу міндетті емес тауарлар бөлек белгіленген:
- жедел-қызметтік қызметке арналған тауарлар;
- әскери өнімдер;
- транзиттік тауарлар;
- дипломатиялық өкілдіктер мен көрмелерге арналған тауарлар, сондай-ақ гуманитарлық көмек.
Қазіргі уақытта тауар карточкасында сәйкестік сертификаттары мен декларациялар туралы ақпаратты көрсету мүмкіндігі іске қосылған. Онда сертификат нөмірі, жарамдылық мерзімі, кім бергені сияқты мәліметтер көрсетіледі. Бұл тұтынушыларға тауардың сапа талаптарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді.
Бұған дейін неге мұғалімдер мектеп директоры болғысы келмейтіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:19, 22 сәуір 2026
Отандық жазушылар Атырауда бас қосты
-
20:09, 22 сәуір 2026
Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінде бірқатар келісімдер жасалды
-
19:50, 22 сәуір 2026
Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді
-
19:39, 22 сәуір 2026
23–25 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі
-
19:21, 22 сәуір 2026
Рудный әкімі рұқсатсыз салынған барға қарсы сотта жеңіске жетті





