Энергетика министрі жанар-жағармайды сыртқа тасуға не үшін тыйым салынғанын айтты
© Сурет: pixabay
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылғы 29 қаңтарда ведомствода өткен брифинг барысында жүк көліктері және жүк пойыздары арқылы жанар-жағармай мен дизель отындарын сыртқа тасып әкетуге салынған тыйымнан қандай нәтиже күтілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәтқалиев мұндай тетіктер елімізден сыртқа әкетілетін отын көлемін "көруге" мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Иә, бізде тапшылық бар. Жыл қорытындысы бойынша, өздеріңіз білетіндей, жылдық жиынтық тұтынысы бойынша біз Ресей Федерациясымен жыл сайын индикативтік теңгерім жасаймыз, оған сәйкес біз ішкі нарық есебінен жаба алмайтын көлемге бажсыз мұнай өнімдерінің белгілі бір түрлерін импорттауға құқығымыз бар. Дәл осындай шараларды енгізу Қазақстанда "көлеңкелі" экспорттың қандай көлемде болатынын нақты бақылауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.
Сонымен бірге, ол автокөлікпен тасуға салынған тыйымнан кейін еліміздегі отын қоры 20-дан 45 күнге дейін күрт өскенін айтты. Министрдің айтуынша, бұл бұрын "көлеңкелі" схемалар бойынша әкетілген көлем.
"Автомобиль және темір жол көлігімен бензин мен дизель отынын әкетуге салынған тыйымнан биыл да осындай нәтиже күтеміз", - деп сөзін түйіндеді Энергетика министрі.
Айта кетсек, Қазақстан 29 наурызға дейін автомобиль және темір жол көлігімен бензин мен дизель отынын тасуға тыйым салды. Осы сипатта Энергетика министрлігі, ҰҚК, Қаржы министрлігі және ІІМ-нің бірлескен бұйрығы әзірленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 17 ақпан 2025
Алматыда көліктің алдыңғы нөмірін аударып алған көлік жүргізушісі сотталды
-
17:15, 17 ақпан 2025
Мемлекетаралық іздеудегі Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды
-
16:51, 17 ақпан 2025
АҚШ пен Ресей келіссөздері: делегациялардың құрамына кімдер кіреді және ол қайда, қашан өтеді
-
16:44, 17 ақпан 2025
Алматыда бұрынғы бас сәулетшіге қатысты сот үкімі шықты
-
16:35, 17 ақпан 2025
Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғаны белгілі болды
Танымал жаңалықтар
-
09:46, 17 ақпан 2025
-
10:10, 17 ақпан 2025
-
13:17, 17 ақпан 2025
-
09:22, 17 ақпан 2025
-
09:34, 17 ақпан 2025
-
10:51, 17 ақпан 2025
-
10:42, 17 ақпан 2025
-
11:29, 17 ақпан 2025
-
09:11, 17 ақпан 2025
-
11:48, 17 ақпан 2025
-
10:23, 17 ақпан 2025
-
11:04, 17 ақпан 2025
-
12:19, 17 ақпан 2025
-
15:41, 17 ақпан 2025
-
11:18, 17 ақпан 2025