Еліміздің ХҚКО-ларында бүгін кейбір қызметтердің қолжетімсіз болуына не себеп екені айтылды

17:39, 14 сәуір 2025

© Сурет: gov4c.kz

Дүйсенбі, 14 сәуірде еліміз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында мәселе туындады. ХҚКО-ларда кейбір қызметтер қолжетімсіз болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оқырмандар редакцияға шағым түсірді.

"Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша бір де бір ХҚКО жұмыс істемеді... Адамдар басқа қалалардан ат арылтып келеді, кезекті сағаттап күтеді, бірақ оларға, тіпті ХҚКО-ның ешқайсысы жұмыс істемейтіні туралы хабарланбайды. Сайтта да бұл туралы мүлде мәлімет жоқ...", деп жазады арыз авторы.

Бұл жағдайға қатысты, әзірге тек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді.

"Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің серверлері орналасқан "ҰАТ" АҚ Деректерді өңдеу орталығында үздіксіз қоректендіру көздерін қамтамасыз ету жағынан проблемалар туындады. Салдарынан кондиционерлер ажыратылып, ол ақпараттық жүйелер жұмысының бұзылуына және кейбір мемлекеттік қызметтердің уақытша тоқтата тұруға әкеліп соқты. Қазіргі уақытта "ҰАТ" АҚ үздіксіз қуат көздерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде, содан кейін біздің серверлердің жұмысы қалпына келтіріледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және азаматтарға шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамыз", делінген хабарламада.

Сондай-ақ біз түсініктеме алу үшін басқа бейінді ведомстволарға жүгіндік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!