Еліміздің бірнеше өңірінде жабылған жол учаскелері қайта ашылды

10:18, 1 ақпан 2025

© Сурет: freepik

2025 жылы 1 ақпанда төрт өңірде алдында қолайсыз ауа райына байланысты жабылған республикалық маңызы бар тас жолдар ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысында:

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 615-683 шақырым аралығы (Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін);
  • "Таскескен-Бақты" тас жолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін).

Жетісу облысында:

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

Жамбыл облысында:

  • "РФ шекарасы (Жайсан ө\п)–Мәртөк–Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен)–Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент (солтүстік айналма жолымен)–Тараз (айналма жолымен)–Қордай–Алматы–Қорғас–ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" тас жолының 143-214 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін).

Алматы облысында:

  • "РФ шекарасы (Жайсан ө\п)–Мәртөк–Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен)–Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент (солтүстік айналма жолымен)–Тараз (айналма жолымен)–Қордай–Алматы–Қорғас–ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" тас жолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін);
  • "Алма-Тау турбазасына кіреберіс" республикалық тас жолының 0-15 шақырым аралығы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін).

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 1 ақпанда Астанада, Шымкентте және 14 өңірде қолайсыз ауа райы байланысты ескерту жасаған болатын. Оған сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қар бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!