Елімізде соңғы бес жылда 1300-ден астам ауыл жабылып қалған
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2025 жылғы 29 қаңтардағы Мәжілістің жалпы отырысы аясында Ринат Заитов еліміздегі ауылдардың түйіткілі шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып Премьер-министрге депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, өңірлердің өркендеуін көздейтін бағдарламалар аясында ауылдар үнемі шет қалып қояды.
"Қажетті инфроқұрылымның сапалы медицина мен білімнің, тұрақты жұмыс пен табыстың, тіпті қарапайым интернеттің жоқтығынан 34 жылдың ішінде өз туған ауылын амалсыздықтан аз адам тастаған жоқ. Соның салдарынан, қаншама ауылымыз "мүжілген сүйектей" мүшкіл халге жетіп, жабылып қалды",- деді депутат.
Ол сондай-ақ, нақты сандарды мысалға ала отырып, соңғы 5 жыл ішінде еліміз бойынша 1300-ден аса ауылдың жабылып қалғандығын баса айтты.
"Соңғы 5 жылда ШҚО-да 350 ауыл, СҚО-да 635, Павлодар облысы бойынша 352 ауыл бос қалды. 2024 жылдың өзінде-ақ СҚО-да 141 ауыл мәртебесінен айырылған. Көзіңе еріксіз жас, көңілге мұңды күмән ұялататын статистика. Бұл – жай ғана ауылдардың сандары емес, мыңдаған отбасының туған жері, ұшқан ұясы, өмірінің тарихы ғой. Ауыл деген жай жаба салатын есік емес, қазақтың алтын бесігі екенін неге ұмыттық?". Ринат Заитов
Бұл ретте, Заитов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл мәселесін көтеріп, оны дамытуға арналған бағдарламаларды біріктіру бойынша тапсырма бергенін еске салды.
"Бүгін де ауыл тұрғындары өз күнімен қандай да бір іс бастайсың десе де кедергілер өте көп, мал бағып, егін өсірейін десе, жері, кәсіп бастайын десе, қаржысы, қажетті инфроқұрылымы да жоқ. Тұрғындарын былай қойып, ауылдың әкімінде де қарапайым қажеттіліктерді өтейтін бюджетте техника да, пәрмен де жоқ. Ауылдарды осындай күйге жеткізген соң, ауыл халқына неге көштің деп қай бетімізбен айтамыз? "Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар" – дегенді бәріміз білетін шығармыз?" Ринат Заитов
Бұдан бөлек,алдағы уақытты Абай облысы Аягөз ауданында да 10-нан астам ауылды жапқалы жатқандығын айта келіп, Үкімет басшысына ауылды көркейту бойынша келесі шараларды қабылдауды ұсынды.
- Ауыл әкімдерінің пәрменін күшейтуді;
- Бір ауылға бір техника, яғни ауылдарды техникамен қамтуды;
- Бұл мәселені ұлттық деңгейге көтеріп, Үкімет басшылығы және облыс әкімдері деңгейінде қоныс аудару жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды;
- Ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру және қоныстандыруға бағытталған жұмыс жоспарын құру, оны ауылдық жастарға жеткізуді ұсынамыз.
"Оның (жабылғалы жатқан ауылдардың – шамамен ред.) алдын алуға талпынып жатқан бір лауазымды тұлға жоқ. Қазақ өз тамырын өзі балталаса, қалай гүлдемек?! Жоқ, әлде бұл әрекеттердің ары жағында халықтың бәрін мәжбүрлі түрде қалаға көшіру керек деген жымысқы саясат бар ма? Ауылдарды сақтау әрекетін қашан жасаймыз? Ауыл болмаса қазақ, қазақ болмаса мемлекеттің де болмайтыны анық қой",- деді депутат.
Бұған дейін Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:04, 17 ақпан 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға барады
-
13:50, 17 ақпан 2025
Елімізде жыл сайын 600-ден аса баладан қатерлі ісік анықталады
-
13:39, 17 ақпан 2025
Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі
-
13:26, 17 ақпан 2025
Әлемдік теннисте жаңа жұлдыз пайда болды: 18 жастағы бразилиялық теннисші Надальдың жетістігін қайталады
-
13:17, 17 ақпан 2025
Үндістанда теміржол вокзалында 18 адам аяқ астында тапталып қаза тапты
Танымал жаңалықтар
-
15:28, 16 ақпан 2025
-
17:47, 16 ақпан 2025
-
15:28, 16 ақпан 2025
-
14:53, 16 ақпан 2025
-
16:13, 16 ақпан 2025
-
17:19, 16 ақпан 2025
-
16:48, 16 ақпан 2025
-
14:18, 16 ақпан 2025
-
15:54, 16 ақпан 2025
-
10:10, 17 ақпан 2025
-
09:46, 17 ақпан 2025
-
09:22, 17 ақпан 2025
-
09:34, 17 ақпан 2025
-
10:51, 17 ақпан 2025
-
10:42, 17 ақпан 2025