Елімізде онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар әзірленді

15:29, 28 наурыз 2025

© Сурет: freepik

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба мынадай қосымша бақылау шараларын енгізуді көздейді:

  • клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету және дропперлік схемаларға тарту тәуекелдеріне ұшыраған клиенттерге қатысты мониторингті күшейту, комплаенс-бақылау басшыларының жауапкершілігін күшейту және банктердің құқыққа қарсы іс-қимыл тәуекелдерін басқару жөніндегі антифрод-қызметтерінің функционалын кеңейту бөлігінде банктерге қойылатын талаптар;
  • тәуекелі жоғары ҚР бейрезиденттері-клиенттеріне қатысты бақылауды, оның ішінде қашықтықтан немесе өкіл арқылы іскерлік қатынастар орнатуға, карталарды шығаруға және қайта шығаруға тыйым салу, төлқұжаттың фотосуреті бойынша биометрияны қолдана отырып, клиентті екі факторлы идентификаттауды жүргізу, "бір қолда бір төлем карточкасының болу" өлшемшартын бақылау, ел аумағында болу заңдылығын тексеру, картаны шығарған және қайта шығарған сәттен бастап алғашқы 3 айда кіріс және шығыс транзакцияларына күшейтілген мониторинг жүргізу бөлігінде бақылауды күшейту бойынша банктерге қойылатын талаптар;
  • дропперлік операцияларды анықтау және бұғаттау және төлем карточкаларын бақылаусыз шығаруды болдырмау мақсатында банктердің Қазақстан Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығымен өзара іс-қимылын кеңейту.

Агенттік жобаның қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдар мен дропперлікке (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыру, онлайн/интернет-казино) жол бермеу/барынша азайту бойынша қосымша бақылау шараларын енгізуге бағытталғанын атап өтті.

Құжат 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!