Елімізде облыстық маңызды тас жолдардағы үш учаске жабылды

18:50, 29 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

29 қаңтарда сағат 16:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатты жел мен айналаның түк көрінбеуі салдарынан мына жол учаскелері барлық көлік құралдары үшін жабылды:

  • "Жезді-Қарсақпай-Байқоңыр-Қоскөль" (0-221 шқ);
  • "Ұлытау-Қаракеңгір-Малшыбай-Сәтбаев" (0-226 шқ);
  • "Қарағанды-Самар-Атасу-Айнабұлақ" (61-204 шқ).

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға жаңа циклон жақындап келе жатқанын, қаңтардың соңғы күндері суық болатынын ескерткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!