Электросамокат мінушілер апатқа неліктен жиі ұшырайды
© Фото: Zakon.kz
Чалмерс технологиялық университетінің (Швеция) сарапшылары соңғы жылдары электросамокаттың қатысуымен болатын апаттың неліктен жиілегенін анықтау үшін ғылыми зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Наука" басылымының жазуынша, зерттеушілер жалға алынған 17 электр скутерін жылдамдықты, тежеуді және үдеуді түсіретін камералар мен сенсорлармен жабдықтады. Зерттеу барысында 4 694 жүргізуші 9 930 км-ге 6 868 сапар жасады, нәтижесінде 61 қауіпті оқиға тіркелді – 19 апат және 42 "дерлік апат".
Зерттеулер самокаттың ақаулығы жоқ екенін анықтады. Апаттар адамдардың әрекетінен туындайтыны белгілі болды. Мәселен, негізгі қауіп факторларына мыналар жатады:
- бір қолмен тізгіндеу – апат қаупін 6,5 есеге арттырады. Мәселен, кофе немесе сөмке ұстау арқылы тізгінді басқара алмай жатады;
- самокатты қолға телефон ұстау арқылы жүргізу- апат тәуекелі 2,7 есе артады. Экранға қарау немесе телефон арқылы сөйлесу жолдағы назарды бұзады.
- Жүргізудегі тәжірбиесіздік (бес сапардан аз) – апат ықтималдығы 2,2 есе жоғары. Тәжірибесіз жүргізушілер дер кезінде апаттан қашып үлгермейдін
- мақсатсыз жүру (жай ғана айналма жолмен жүру) тәуекелді "А нүктесінен В нүктесіне" қарағанда 4,9 есе арттырады;
- көңіл көтеру үшін жүру – 2,4 есе қауіпті.
"Электрлік скутерді велосипед сияқты басқару және тежеу мүмкін емес, сондықтан бір қолмен жүру көптеген адамдар ойлағаннан әлдеқайда қиын және қауіпті", – деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі, профессор Марко Доцца.
Бұған дейін қазақстандық келіншектің 24 жыл құжатсыз өмір сүргені жайлы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:48, 31 наурыз 2025
Словения президентін Ақордада қалай қарсы алды
-
11:38, 31 наурыз 2025
Алматы ботаникалық бағы жаңа жұмыс кестесіне көшті
-
11:27, 31 наурыз 2025
Еліміздегі электрондық сауда алаңдарында сатып алу ережесі бекітілді
-
11:19, 31 наурыз 2025
Қазақстандағы бейресми білім беру: өзгерістер енгізілді
-
11:07, 31 наурыз 2025
Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Германиядағы турнирде жеңіске жетті
Танымал жаңалықтар
-
14:20, 30 наурыз 2025
-
15:16, 30 наурыз 2025
-
15:53, 30 наурыз 2025
-
16:31, 30 наурыз 2025
-
13:57, 30 наурыз 2025
-
14:58, 30 наурыз 2025
-
16:11, 30 наурыз 2025
-
17:11, 30 наурыз 2025
-
17:14, 30 наурыз 2025
-
12:17, 30 наурыз 2025
-
21:50, 30 наурыз 2025
-
22:25, 30 наурыз 2025
-
09:22, 31 наурыз 2025
-
09:45, 31 наурыз 2025
-
09:51, 31 наурыз 2025