Экс-вице-министр Дархан Ахмед-Заки ректор болып тағайындалды
© Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Дархан Ахмед-Заки Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы 2025 жылы 29 қаңтарда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Дархан Жұмақанұлы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған. Бұл қызметке ол 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған еді.
Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.
2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.
2004-2012 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі.
2012-2013 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.
2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры.
2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.
2020-2022 жылдары — Astana IT University ректоры.
2022 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін — ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 17 ақпан 2025
Елімізде жыл сайын 600-ден аса баладан қатерлі ісік анықталады
-
13:39, 17 ақпан 2025
Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі
-
13:26, 17 ақпан 2025
Әлемдік теннисте жаңа жұлдыз пайда болды: 18 жастағы бразилиялық теннисші Надальдың жетістігін қайталады
-
13:17, 17 ақпан 2025
Үндістанда теміржол вокзалында 18 адам аяқ астында тапталып қаза тапты
-
13:08, 17 ақпан 2025
Бас прокурор Берік Асылов президентке елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы баяндады
Танымал жаңалықтар
-
15:28, 16 ақпан 2025
-
17:47, 16 ақпан 2025
-
15:28, 16 ақпан 2025
-
14:53, 16 ақпан 2025
-
16:13, 16 ақпан 2025
-
17:19, 16 ақпан 2025
-
16:48, 16 ақпан 2025
-
14:18, 16 ақпан 2025
-
15:54, 16 ақпан 2025
-
09:46, 17 ақпан 2025
-
10:10, 17 ақпан 2025
-
09:22, 17 ақпан 2025
-
09:34, 17 ақпан 2025
-
10:51, 17 ақпан 2025
-
10:42, 17 ақпан 2025