Әйелдер күресі: Зейнеп Баянова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

21:16, 28 наурыз 2025

© Сурет: СДД

Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрлықтық біріншілікті үшінші орынмен аяқтады.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Зейнеп моңғолиялық Отгонтуи Чинболдты 10:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова (72 келіге дейін) алтын медаль үшін күрессе, Тыныс Дубек (62 келіге дейін) пен Гауһар Мұқатай (65 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!