«Диуани лұғат-ат-түрктің 950 жылдығы»: түркі әлеміне ортақ мұра туралы жинақ басып шығарылады

21:58, 24 маусым 2024

© Сурет: Facebook/Түркі академиясы

Бүгін, 24 маусымда Бішкекте түркі әлемінің ортақ мұрасы - "Диуани лұғат-ат-түрктің 950 жылдығы" атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараны Түркі академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының қолдауымен ұйымдастырды.

"Конференцияда Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия елдерінен келген түркітанушылар автордың өмірбаяны, "Диуани лұғат-ат-түрк" туындысының жазылу мақсаты, шығарманың тілі, сонымен қатар еңбекте қамтылған тарихи-этнографиялық мәліметтер мен әдеби материалдар секілді ғылыми мәселелерді талқылады", делінген Түркі академиясының хабарламасында.

Сондай-ақ Түркі акадмиясының президенті Шаһин Мұстафаев бүгінгі жиында оқылған баяндамалар арнайы жинақ болып шығарылатынын айтты.

Айта кетсек, 23 маусымда Бейімбет Майлиннің шығармалар желісімен түсірілген "Талақ" қазақ фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлдеге ие болғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!