Дэвис кубогы: Пәкістанмен матчта Бейбіт Жұқаев есепті 2:0-ге жеткізді

18:07, 1 ақпан 2025

© Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Астана қаласында Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобында Қазақстан мен Пәкістан арасында өтіп жатқан плей-офф матчының алғашқы күнгі ойындары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Хузайфа Абдул Рехманмен шеберлік байқасты.

Кездесу брейк алмасумен басталды. Тартысты өрбіген бірінші партия соңында Бейбіт тоғызыншы сет-пойнтты пайдалана білді — 7:5.

Екінші сет барысында пәкістандық спортшы жарақат алып қалғаннан кейін Жұқаевтың басымдылығы тіпті арта түсті — 6:0. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.

Жексенбі күні Қазақстан — Пәкістан матчында тағы үш ойын белгіленген. Қазақстандықтарға енді бір кездесуді жеңіспен аяқтаса, жетіп жатыр.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Серіктестік материал

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!