Дәріханалар есіртікіні «құпия сөз» арқылы сатып жатыр
Дәріханаға пайда керек. Провизорға айла керек. Елімізде тек дәрігерлердің рецептімен ғана сатылуы тиіс препараттар еркін саудада жүр. Салдарынан құрамында есірткілік заттары бар дәріге тәуелді болатын жастар көбейіп барады. Мұндай бизнес нысандарымен күресуге шағын және орта бизнеске жарияланған мораторий қолбайлау көрінеді.
Еуразия бірінші арнасының тілшілері осындай дәріханаларды жағалап, құпия сөздің арқасында психотроптық дәрілердің қалай сатылатынына көз жеткізген еді.
Сыбырлап сөйлескен сатушының көзі алақ-жұлақ етеді. Мәулен 900 теңгені төлеп, түбіртекті көрсетті.
Жандос Тұяқов, заңгер:
ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабының 1-тармағында яғни 160 айлық көрсеткішке дейін жаза көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 230-бабында 2-бөлігі бар. Егер де істеген іс әрекеттің салдарынан қандай да бір азаматқа ауыр зардап келтірген жағдайда 3 жыл бас бостандығынан айыруды қарастырған және қосымша жасза ретінде 3000 айлық көрсеткішке дейін яғни айыппұл қарастырылған.
Шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий осындай дәріханаларға майдай жақты. Салдарынан психотропты препараттарды пайдаланушылар көбейді. Тұрғындардан тыныш кетті.
Азамат, қала тұрғыны:
Осы күнде жас балалар келеді осы жерге. Бірнәрселерді білмеймін, кіреді 10 секундта болмайды шығып кетеді ішінен. Күні бойы, түні бойы көршілердің подъездерінен шприц табыла бастады. Кішкентай балалар түріне қарасаң 18-ге де толмаған балалар. Күні бойы түні бойы, түнгі бесте келсеңіз де ашық тұрады.
Ескеретін жайт, есірткісі бар дәріні ішкен баланың бойынан ештеңе байқалмайды. Иіс те жоқ, есі де дұрыс боп көрінеді. Тек кейін қызығушылық тәуелділікке айналған кезде.
Баян Ахатаева, қоғам белсендісі:
Олар қояншық ауруы сияқты судорожный припадоктар болады баланың бойында. Трамадол сияқты дәріні пайдаланған жасөспірім ағзасы 3-4 жылдан кейін өлімге әкеп соғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:03, 6 наурыз 2026
Қазақстанда сиыр етін экспорттау мен жұмыртқа импорттауға қатысты маңызды шешім қабылданды
-
09:52, 6 наурыз 2026
БҚО-да полиция мал ұрлығы дерегін анықтап, күдіктілерді ұстады
-
09:47, 6 наурыз 2026
Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды
-
09:37, 6 наурыз 2026
Италиядағы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты қашан көрсетіледі
-
09:26, 6 наурыз 2026
Алматыда 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға арналған 1150 сауда орны белгіленді





