Денсаулық сақтау министрлігі науқастарға арналған тегін дәрілер тізімін жаңартты
© Фото: pexels
ҚР Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 10 қыркүйектегі бұйрығымен белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізіміне өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, тізім жаңа редакцияда ұсынылды.
Оған енгізілгендер:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар (41 ауру бойынша):
- Қан айналымы жүйесінің аурулары
- Тыныс алу мүшелерінің аурулары
- Тері және теріасты шелмай қабатының аурулары
- Ас қорыту жүйесінің аурулары
- Қан және қан түзуші ағзалар аурулары және иммундық механизмге қатысты жекелеген бұзылыстар
- Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану бұзылыстары және зат алмасу бұзылыстары
- Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіннің аурулары
- Жүйке жүйесінің аурулары
- Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар
- Жекелеген жұқпалы және паразиттік аурулар
- Жаңа түзілімдер
- Паллиативтік көмек
- Ағзалар мен тіндерді трансплантациядан кейінгі жағдайлар.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдер:
- Паллиативтік көмек
- Зат алмасу бұзылыстары
- Тері және теріасты шелмай қабатының аурулары
- Ерте жасанды немесе аралас тамақтандыру.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі ересектерге арналған дәрілік заттар:
- Қан айналымы жүйесінің аурулары
- Тыныс алу мүшелерінің аурулары
- Эндокриндік жүйе аурулары (қант және қантсыз диабет қоса алғанда)
- Қан және қан түзуші ағзалар аурулары және иммундық механизмге қатысты жекелеген бұзылыстар
- Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіннің аурулары
- Жүйке жүйесінің аурулары
- Көз және есту мүшелерінің аурулары (глаукома)
- Тері және теріасты шелмай қабатының аурулары
- Несеп-жыныс жүйесінің аурулары.
Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық бұйымдар:
- Эндокриндік жүйе аурулары (қант диабеті):
- Шприц-қаламға арналған инелер
- Зәрдегі кетон денелерін анықтауға арналған тест-жолақтар
- Белгісі бар бір реттік инсулин шприцтері.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар:
- Қан айналымы жүйесінің аурулары
- Тыныс алу мүшелерінің аурулары
- Ас қорыту жүйесінің аурулары
- Қан және қан түзуші ағзалар аурулары және иммундық механизмге қатысты жекелеген бұзылыстар
- Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану бұзылыстары және зат алмасу бұзылыстары
- Зеңдік инфекциялар
- Көру мүшелерінің аурулары
- Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіннің аурулары
- Жүйке жүйесінің аурулары
- Несеп-жыныс жүйесінің аурулары.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған медициналық бұйымдар (қант диабеті бойынша):
- Шприц-қаламға арналған инелер
- Зәрдегі кетон денелерін анықтауға арналған тест-жолақтар
- Белгісі бар бір реттік инсулин шприцтері.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:50, 22 қыркүйек 2026
Астана әуежайы арқылы жүздеген iPhone 18 смартфонын заңсыз алып өтпек болған
-
21:41, 22 қыркүйек 2026
Бэлла Самашева Азиаданың қола медалі туралы: Туған күніме өзіме сыйлық жасадым
-
21:27, 22 қыркүйек 2026
Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді
-
20:11, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық екі спортшы ушудан Азия ойындарының жартылай финалына өтті
-
19:53, 22 қыркүйек 2026
Арсен Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды





