БҰҰ: Миллиондаған бала аштыққа ұшырап жатыр

09:34, 26 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Суданда миллиондаған бала ашқұрсақ өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ-ның мәліметінше, 9 млн бала күн сайын тамақты жеткілікті мөлшерде жеп жүрген жоқ.

4 миллионға жуық жеткіншек тіптен аш жүруге мәжбүр. Көбі мектепке де бармайды.

Елде қарулы қақтығыс ушыққан. Мұнда Судан армиясы мен "Шұғыл қолдау күштері" атты екі тарап арасында шайқас жүріп жатыр.

Салдарынан, гуманитарлық жағдай нашарлады,деп жазады qazaqstan.tv.

Атыс-жарылыстан тұрғындарға қажетті гуманитарлық көмекті жетпей жатыр.

"Би-Би-Си" -дің мәліметіне қарағанда, күзге таман Судан халқының 70 пайызына ашаршылық қаупі төніп тұр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!