БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, сегіз адам қаза тапты
© Сурет: Zakon.kz
17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын облыстық маңыздағы тас жолдың 50-інші шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бірі отқа оранды. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала болжам бойынша жүргізушілердің бірі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен болуы мүмкін. Ауа райы және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде: көрініс - жақсы, қозғалысқа әсер ететіндей сыртқы кедергілер болмаған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Жол-көлік оқиғасының барлық жағдайлары тергеу аясында анықталатын болады", - дейді БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Сұлтанғалиев
Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, әсіресе адамдарды тасымалдау кезінде кез келген бұзушылық жол қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.
Айта кетсек, 13 қараша 2025 жылы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда жеті адамның өлiмiне әкеліп соққан жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 6 маусым 2026
Алматыдағы түнгі клубтарға жаппай тексеру жүргізілді: қандай мекемелер заң бұзды
-
17:15, 6 маусым 2026
Қазақстандық бір сағатқа үйінен шығып кетіп, барлық жинағынан айырылды
-
16:56, 6 маусым 2026
Қазақстанда 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар рейтингі жарияланды
-
15:50, 6 маусым 2026
7 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:12, 6 маусым 2026
Алматыда электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа тәртібі талқыланды





