Биыл елде қыс жылы болады – Қазгидромет
© Фото: Zakon.kz
Астана, 12 қараша 2025 жыл – Биыл Қазақстанда қыс жылы болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Қарашаның соңында шығыста температура –20°C дейін төмендеуі мүмкін, ал солтүстік-батыста –14°C, солтүстік-шығыста –17°C дейін болады. Желтоқсанда айтарлықтай аяз байқалмайды, ал қаңтар мен ақпан айларында солтүстік-шығыста –20°C сәл асады, деп жазады qazaqstan.tv.
Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде тұман, кей өңірде жел күшейеді. Солтүстік аймақтарда қар жауады. Республика бойынша көктайғақ және тұман күтіледі.
13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Аружан Мұратова, "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы
Экологтардың пікірінше, климаттағы өзгерістер жаһандық жылынумен байланысты. Келесі жылдары ауа райы мезгілге сай болмауы мүмкін, ал он жылдық перспективада еліміз тарихтағы ең ыстық кезеңді бастан кешуі ықтимал.
Қазір бір күн қар, бір күн жаңбыр болып отыр. Бұл табиғи құбылыс емес және ғаламдық жылынудың салдары. Халықтың тек 20%-ы қоқысты қайта өңдеуге береді, қалғаны қоршаған ортаны ластайды. Айдана Қыдырова, эколог
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:45, 12 маусым 2026
Қазақстанда көмір химиясын дамыту: инвесторларға қандай қолдау көрсетіледі
-
16:37, 12 маусым 2026
Түркістандағы тарихи орынға кіру құны бірқатар азаматтар үшін қымбаттады
-
16:24, 12 маусым 2026
Алматыда жүк көлігі ірі сауда орталығындағы жерасты қоймасында ер адамды басып өлтірді
-
16:11, 12 маусым 2026
«Ортақ мақсаттар үшін»: аманаттықтар «Әділет» партиясына қосылу туралы шешімді қолдады
-
15:55, 12 маусым 2026
12 маусымда доллар бағамы қайта өсті





