Биыл Алматы облысының полициясы терроризмге осал 182 нысанды тексерді

16:41, 2 мамыр 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

Алматы облысының полицейлері терроризмге осал 1200-ден астам нысандардың лаңкестікке қарсы қауіпсіздік жағдайын бақылауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.

"Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік қызметін бақылау бөлімдерімен бірлесіп, терроризмге осал нысандардың басшыларымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Түсіндіру жұмыстары барысында лаңкестікке қарсы қорғау талаптары, лаңкестік актісі орын алған кездегі алғашқы іс-қимылдар, терроризмге қарсы қорғаныс паспорттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар және басқа да мәселелер туралы ақпараттандырылады", – деді Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ бастығының м.а. Ұлан Байтақов.

Биыл лаңкестікке қарсы қорғаныс бойынша 182 нысан тексерілді. Тексеру нәтижесінде 43 нысанның лаңкестікке қарсы заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, меншік иелері мен басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

"Сонымен қатар осындай объектілердің меншік иелерімен, басшыларымен және қызметкерлерімен семинарлар өткізіліп, онда терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама, террористік актіні жасау қаупі төнген кездегі іс-қимыл алгоритмі, оларға қойылатын талаптар түсіндіріледі, объектілерді заманауи қауіпсіздік жүйелерімен, оның ішінде бейнебақылау жүйелерімен, ескерту жүйелерімен, дабылмен және т.б. жабдықтау бойынша тексеріледі. Ерекше назар терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін қарастырылғын қылмыстық жазаға аударылады", – деп атап өтті Ұ. Байтақов.

Осы нысандардың басшылары мен қызметкерлері үшін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін Ішкі істер министрлігімен террористік акт немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасау қаупі төнген кезде нұсқаулықтар әзірленіп, жолданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!