«Ауруханаға жатқызбай қойды». Қарағандыда жедел жәрдем көлігінде 13 жасар жасөспірім көз жұмды
© Фото: zakon.kz
Қарағандыда көз жұмған 13 жасар жасөспірімнің туыстары жағдайды дұрыс бағалай білмеген ақ халаттыларды кінәлап, әділдік іздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дамир Булумбаев 21 қаңтарда денсаулығына қатысты алғаш рет шағымданған. Бір күннен кейін жасөспірімнің анасы дәрігерді үйіне шақыртады. Тексеру кезінде тамақтың қызарғаны анықталып, жасөспірімге суық тию диагнозы бойынша ем тағайындалады. Алайда аптаның аяғында оның жағдайы күрт нашарлайды. Сенбі, 25 қаңтарда анасы баласын ауруханаға өзі апарады, бірақ науқасқа суық тиюге қарсы тағайындалған ем-домды жалғастыру керектігін айтқан ол арадағылар аналы-балалыны есіктен шығарып салады. Кешке бала балтырының қатты ауырсынуы мен бір қолының ісінуіне шағымдана бастайды.
"Ауырсынуды жеңілдету үшін анасы оған массаж жасады. Жедел жәрдем шақырды. Фельдшер тамағы әлі де қызарып тұрғанын айтып, ауруды басу үшін спазмолитикалық инъекция жасады. Инъекциядан кейін Дамирдің тыныс жиілей түскен, фельдшер анасын тыныштандырып, бұл психосоматика екенін, науқасты ауруханаға жатқызуға еш негіз жоқ екенін айтқан. Келесі күні таңертең оның шап аймағында ауырсыну пайда болып, анасы жедел жәрдемге қайта қоңырау шалды. Бригада жарты сағаттан кейін келді, Дамир бұл кезде өте нашар жағдайда болды. Олар оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады, бірақ жасөспірім жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды", – деді баланың әпкесі Әлия Булумбаева.
Сурет: Дамир Булумбаевтың туыстары ұсынды
Дамир Қарағандыдағы НЗМ-ның жетінші сыныбында оқып жүрген. Туыстары оның дені сау, сабақты жақсы оқығанын, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, джиу-джитсумен айналысқан айтады. Ол жоғары білім алуды, президент болуды армандаған.
"Дәрігерлер оның жағдайының ауырлығын жете бағаламады деп санаймыз. Фельдшер оның қысымын, қан құрамын өлшеп, ешнәрсені ескермеді, барлығына немқұрайлы қарады. Бүгін біз Дамирді жерлеп келдік, енді оның өліміне не себеп болғанын білгіміз келеді. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен қайғы. Бауырым өте мейірімді, ақылды, мықты, өмірге құштар жан еді", – дейді жақыны.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша сарапшылардың тәуелсіз тобын тарта отырып тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"Алдын ала қызметтік талдау нәтижелері бойынша жекелеген медицина қызметкерлері тарапынан бұзушылық фактілері анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады. Қайтыс болған науқастың туыстарына көңіл айтамыз", - деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін Атырауда дәрігерлер қызуы көтерілген 10 айлық баланы құтқара алмады. Бұл арада қаралы ана дәрігерлерді немқұрайлылығы үшін кінәлауда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 17 ақпан 2025
Алматыда көліктің алдыңғы нөмірін аударып алған көлік жүргізушісі сотталды
-
17:15, 17 ақпан 2025
Мемлекетаралық іздеудегі Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды
-
16:51, 17 ақпан 2025
АҚШ пен Ресей келіссөздері: делегациялардың құрамына кімдер кіреді және ол қайда, қашан өтеді
-
16:44, 17 ақпан 2025
Алматыда бұрынғы бас сәулетшіге қатысты сот үкімі шықты
-
16:35, 17 ақпан 2025
Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғаны белгілі болды
Танымал жаңалықтар
-
09:46, 17 ақпан 2025
-
10:10, 17 ақпан 2025
-
13:17, 17 ақпан 2025
-
09:22, 17 ақпан 2025
-
09:34, 17 ақпан 2025
-
10:51, 17 ақпан 2025
-
10:42, 17 ақпан 2025
-
11:29, 17 ақпан 2025
-
09:11, 17 ақпан 2025
-
10:23, 17 ақпан 2025
-
11:48, 17 ақпан 2025
-
11:04, 17 ақпан 2025
-
15:41, 17 ақпан 2025
-
12:19, 17 ақпан 2025
-
11:18, 17 ақпан 2025