Атыраулық полицейлер шаруаларға мал ұрлығынан қалай қорғану керектігін айтты
© Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Мал ұрлығы шаруалардың кәсібіне айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл ретте Атырау облысының полиция қызметкерлері жайылымдар мен мал қораларындағы ұрлықтың себептері тек қарақшылардың әрекетінен ғана емес, көбінесе мал иелерінің салғырттығынан да туындайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер күнделікті жедел жұмыстан бөлек, әдістемелік түрде мал ұрлығының алдын алу бойынша жұмыс атқарады. Бұл жайлы Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары подполковник Абай Жұмабаев айтты. Оның сөзінше, 2025 жылғы 11-31 наурыз аралығында тәртіп сақшылары автокөлік пен сауда объектілерін ұрланған мал мен ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдау және өткізу тұрғысынан тексерді. Құжаттарсыз мал мен етті тасымалдаудың 39 фактісі және тиісті қағаздарсыз өнімді өткізудің 11 жағдайы анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 50 адам тартылды. Айыппұл сомасы – 1 966 000 теңге. Қылмыстың төрт фактісі дәлелденді. Ұрланған 18 жылқы мен 1 қой иелеріне қайтарылды.
"Біз мәселенің жай-күйін анықтадық. Мал ұрлығына жағдай жасайтын бірнеше факторларды тіздік. Ең алдымен, иелерінің немқұрайлығы, яғни олар малдарды бақылау жүргізілмейтін жайылымдарға жібереді. Тағы бір мәселе, қораларда қоршау мен мықты құлыптың болмауы. Үшінші факторға малдың стигмасы мен тегтерінің болмауы, осы арқылы қарақшылар оларды базарларда еркін сата алады". Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары подполковник Абай Жұмабаев
Сондай-ақ, полицейлер төрт түлікті қорғауда заманауи технологияларды қолдану ұрлау қаупін азайтуға ықпал ететіндігін айтты.
"Алдын алу шараларында біз шаруалардан жануарларға GPS сигнализаторларын қолдануды сұраймыз. Мұндай технологиялар жайылымда олардың орнын бақылауға көмектеседі. Сондай-ақ маладарға жарыққа шағылысатын таспаларды байлау керектігін айтамыз. Осы арқылы оларды түнде іздеп табу оңайға түседі",- деді Жұмабаев.
Бұл ретте атыраулық фермер Владимир Розметов Zakon.kz тілшісімен өзінің басынан өткен оқиғамен бөлісті.
"Бірде біздің қожалықтан 300 қой жоғалып кетті. Материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалған шопаннан олардың қайда екенін сұрай бастадық. Ол қойлардың қашып кеткенін айтты. Алайда, біз олардың жылқы емес екенін айтып, өзіміз іздей бастадық. Олар асыл тұқымды болғандықтан, әр баста стигма бар болатын, сол арқылы таптық. Осылайша, шопанды полицияға табыстадық. Белгілі болғандай, ол қойларды оңды-солды сатып, ақшаны құмар ойындарына салған болып шықты. Қазір ол сотталды". Владимир Розметов
Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы өңірде мал ұрлығымен байланысты 34 қылмыс тіркелген. 17 адам, екі қылмыстық топ қамауға алынған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 1 сәуір 2025
Францияда жеке балабақшаның тәрбиешісі 11 айлық баланы тазартқыш сұйықтықпен улап өлтірді
-
10:47, 1 сәуір 2025
Семейде баланы аяусыз соққыға жықты: Жасөспірімдердің ата-аналары қалай жазаланды
-
10:38, 1 сәуір 2025
Алматыда көгалдандыру үшін тегін көшеттер таратылады: акцияға қалай қатысуға болады
-
10:27, 1 сәуір 2025
Сату кезінде көлік құралдарының қандай компоненттері ҚҚС-тан босатылды
-
10:19, 1 сәуір 2025
Raim мен Ерке Есмахан отбасылық суреттерімен бөлісіп, қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Танымал жаңалықтар
-
11:19, 31 наурыз 2025
-
12:17, 31 наурыз 2025
-
12:23, 31 наурыз 2025
-
11:27, 31 наурыз 2025
-
11:38, 31 наурыз 2025
-
11:56, 31 наурыз 2025
-
13:16, 31 наурыз 2025
-
13:29, 31 наурыз 2025
-
11:48, 31 наурыз 2025
-
12:07, 31 наурыз 2025
-
12:31, 31 наурыз 2025
-
14:30, 31 наурыз 2025
-
14:14, 31 наурыз 2025
-
12:54, 31 наурыз 2025
-
14:05, 31 наурыз 2025