Атырауда аққулар қырылып жатыр
© Фото: zakon.kz
Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр. Көбі аққулар. Айналасы екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін жинаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Almaty.tv хабарлауынша, Атырауда жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтай жер-жерде құстардың өлекселері шашылып жатыр. Сәл ертеректе әлеуметтік желіде кең тараған бейнежазбадан шамамен 40-50 шақты құстың бірнеше түрін көруге болады. Арасында сирек кездесетіндері де бар. Оқиға қаладағы "Сасық сай" булану алаңында болған. Қазір арнайы құрылған комиссия қанаттылардың қырылуына қатысты мән-жайды анықтауға кірісті.
"Кеше санағанымда 55 дана өлексе, оның жетеуі аққу болды. Жүрген жолымызды қарап келе жатырмыз, жоқ алып кеткен сияқты", - деді облыстық орман шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Мереке Шалқаров.
Мамандар өлекселерді жинап жатыр. Су айдынынан табылғандардың ішінде аққу да бар.
Айта кетейік, бұрын Атырауда мұндай жағдай болмаған. Тіпті су құрамынан зиянды қалдық та анықталмаған.
"Судың құрамында мұнайдың көрсеткіші 1,8 миллиграм болуы керек. Ал біздерде 0,4-0,3 мг көрсетіп тұр, су таза", - деді "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Нұрлан Ещанов.
Әзірге құстардың жаппай қырылуына ненің себеп болғаны белгісіз. Олардан тиісті сынамалар алынды. Бұған дейін Махамбет ауданына қарасты каналда да өлі балықтар табылған. Өлекселер тіпті 80 келіге жеткен. Осының бәрінен қауіптенген жергілікті билік арнаға құятын судың көлемін арттырмақ.
"Неге көлемін үлкейтіп жатырмыз? Су көбейсе, ағыс күшейеді. Ағыс күшейгенде балыққа оттегі пайда болады. Балықтың бәрі Жайық өзеніне жіберіледі", - деді "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсин.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:42, 13 наурыз 2025
Ұлттық құрылтайда Аманжол Әлтай: Қазақ киносынан ұят қашып барады
-
22:57, 13 наурыз 2025
Депутат Еділ Жаңбыршин Ұлттық құрылтайда өзінің қандай ұсыныстарды алға тартқанын айтты
-
22:45, 13 наурыз 2025
«Қар аралас жаңбыр жауады». Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
21:55, 13 наурыз 2025
Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ-2025: Үш боксшымыз жартылай финалға өтті
-
21:39, 13 наурыз 2025
Тұманбай Молдағалиевтың 90 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті
Танымал жаңалықтар
-
09:47, 13 наурыз 2025
-
09:58, 13 наурыз 2025
-
10:04, 13 наурыз 2025
-
11:06, 13 наурыз 2025
-
17:45, 13 наурыз 2025
-
13:49, 13 наурыз 2025
-
11:57, 13 наурыз 2025
-
17:08, 13 наурыз 2025
-
12:15, 13 наурыз 2025
-
12:54, 13 наурыз 2025
-
11:46, 13 наурыз 2025
-
13:20, 13 наурыз 2025
-
15:04, 13 наурыз 2025
-
11:18, 13 наурыз 2025
-
11:38, 13 наурыз 2025