Атырау облысының тұрғыны бұрынғы жұбайын жұмыс орнында пышақтап өлтірген

09:35, 28 наурыз 2025

© Сурет: pixabay

Қайғылы оқиға 27 наурызда Атырау облысының Құлсары қаласында болған. Ер адам бұрынғы жұбайының жұмыс орнына келіп, оны пышақтап кеткен. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша 33 жастағы күдікті ұсталды. Қазір ол қамауда.

Қылмыстық іс қозғалды.

Желі қолданушылары марқұмның қалалық емханада заңгер болып жұмыс істегенін жазып жатыр. Оның артында екі баласы қалды.

Бұған дейін Жаңаөзендегі сауда орталығында өртті сөндіру кезінде құтқарушы зардап шеккендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!