Астаналық дәрігерлер алты айлық баланы ажалдан аман алып қалды
© Фото: akorda.kz
Астаналық дәрігерлер шәугімдегі ыстық суға күйіп, жүрегі тоқтап қалған алты айлық сәбиді ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, әдетте жүрегі тоқтаған науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін тек төрт-бес минут уақыт беріледі. Ал сәбидің жүрегі 10 минут соқпаса да, реаниматологтар оны қайта тірілтіпті. Жансақтау бөлімінен кейін бірнеше күн бойы баланың өмірі қыл үстінде болған.
"Алғашқыда тамырын таба алмадық. Соған байланысты жүрегіне адреналин енгізуімізге тура келді. Өйткені шұғыл жағдайда тамырын табу қиын, тамыр соғысы тым баяу болғандықтан осындай шара қабылдауға тура келді".Нұрсұлтан Құрбанбеков, Астана қаласы №2 көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі
Бір апта аппарат арқылы тыныстап, күйік терапиясын қабылдаған сәбидің жағдайы қазір тұрақты.
Бұған дейін жеті жасар қызды анасының көзінше жүк көлігі басып кеткен жағдайға қатысты тың ақпарат жариялаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 6 сәуір 2025
Министр ШҚО-ның су тасқыны қаупі бар аудандарын тексерді
-
17:22, 6 сәуір 2025
Қазақстанның үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі өтті
-
16:58, 6 сәуір 2025
Павлодар облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, төрт адам зардап шекті
-
16:58, 6 сәуір 2025
Павлодар облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, төртеуі зардап шекті
-
16:20, 6 сәуір 2025
Найзағай, нөсер жаңбыр: 7 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Танымал жаңалықтар
-
09:03, 6 сәуір 2025
-
09:20, 6 сәуір 2025
-
10:02, 6 сәуір 2025
-
09:44, 6 сәуір 2025
-
10:51, 6 сәуір 2025
-
11:08, 6 сәуір 2025
-
12:06, 6 сәуір 2025
-
13:46, 6 сәуір 2025
-
13:10, 6 сәуір 2025
-
13:46, 6 сәуір 2025
-
11:45, 6 сәуір 2025
-
12:50, 6 сәуір 2025
-
14:27, 6 сәуір 2025
-
14:56, 6 сәуір 2025
-
14:56, 6 сәуір 2025