Астанадағы жол учаскелерінің бірі күзге дейін жабылады

14:11, 8 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Елорда әкімдігі М.Жұмабаев пен Абылай хан даңғылдарының арасындағы учаскеде Күйші Дина көшесінің құрылысы басталатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 сәуір мен 30 тамыз аралығында Күйші Дина көшесіндегі "Мирас" мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.


"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады",- делінген ақпаратта.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін LRT ісі бойынша қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңгені құрағандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!