Астанадағы өрт: Элиталы ғимараттан адамдар эвакуацияланып жатыр

16:11, 22 маусым 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанғаны белгілі. Төтеншеліктер қазіргі уақытта аталған тұрғын үй кешенінің сыртқы жабыны өртеніп жатқанын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің нақтылауынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы өртенген.

"ІІІ-ші дәрежедегі шақырту бойынша аттанған өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 16 бірлік техника және 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат ішінде пәтерлер ғана емес, сонымен қатар әкімшілік нысандар да орналасқан. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау шарасы жүргізіліп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады". ҚР ТЖМ

Зардап шеккендер туралы құзырлы органдарға мәлімет түспеген.


Айта кетсек, бұған дейін төтеншеліктер елордадағы Rixos Khan Shatyr Residences элиталы көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылғаны, ғимаратта қалып кеткен адамдардың бар-жоғын тексеріп жатқаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!