Астанадағы келіссөздер: Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин не туралы келісті
© Сурет: primeminister.kz
Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді, оның барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин арасында екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары қаралды. Өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік өнеркәсібі және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға назар аударылды.
Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылдың 11 айында өзара сауда көлемі $24,2 млрд-қа жетті. Екі мемлекет басшылары арасындағы тауар айналымын $30 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі уағдаластықтарына қол жеткізу мақсатында тасымалданатын тауарлар аталымын кеңейту маңызды. Экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асырудың оң нәтижелері атап өтіліп, алдағы кезеңге жаңартылған бағдарламаны әзірлеу қажеттігі нақтыланды.
2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 5%-ға өсіп, $3,2 млрд-тан асты.
Өнеркәсіп кооперациясы саласында бүгінгі таңда $18,6 млрд-қа қазақ-ресейлік 99 жоба іске асырылды. Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.
Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау жоғары қарқынмен дамып келеді. Осыған байланысты автокөлік және теміржол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ су көлігі саласында жаңа баламалы бағыттар ашуға көңіл бөлінуде.
"Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Маңызды міндет – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
"Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз. Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көршілік, өзара сыйластық және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген. Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қарым-қатынастарымызды одан әрі дамыту жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Екі ел үкіметтерінің міндеті -- көшбасшыларымыз қол жеткізген келісімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету", — деп атап өтті Михаил Мишустин.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға және барлық бағыт бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:31, 20 ақпан 2025
Спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған
-
12:12, 20 ақпан 2025
Саясаттанушы: Тоқаевтың Иорданияға сапарын стратегиялық деп атауға болады
-
12:01, 20 ақпан 2025
Қостанайда интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдік азамат тұтқындалды
-
11:54, 20 ақпан 2025
Трамп Зеленский жайлы тосын мәлімдеме жасады
-
11:36, 20 ақпан 2025
20 ақпанда СҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Танымал жаңалықтар
-
15:38, 19 ақпан 2025
-
14:24, 19 ақпан 2025
-
14:56, 19 ақпан 2025
-
16:06, 19 ақпан 2025
-
15:19, 19 ақпан 2025
-
14:35, 19 ақпан 2025
-
14:10, 19 ақпан 2025
-
18:10, 19 ақпан 2025
-
16:41, 19 ақпан 2025
-
19:02, 19 ақпан 2025
-
15:29, 19 ақпан 2025
-
13:27, 19 ақпан 2025
-
18:41, 19 ақпан 2025
-
13:47, 19 ақпан 2025
-
18:12, 19 ақпан 2025