Астанада көлікті бұзып, екі ноутбукты қолды қылған қос азамат ұсталды

17:14, 25 маусым 2024

© Сурет: pexels

Елордада көлікті бұзып, екі ноутбукты қолды қылған қос азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз екі адам көлікті ашу арқылы оның ішіндегі қымбат құрал-жабдықты алып кеткенін айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті екі жігітті ұстаған. Белгілі болғандай, тергеушілер күдіктілердің таңертең көлікті бұзып, екі ноутбукты ұрлап кеткенін анықтаған. Келтірілген шығын көлемі - 800 мың теңге.

Жастар жасаған кінәсін мойындап, олардың бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана полиция депаратменті азаматтарға көліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын, сондай-ақ көліктердегі бағалы заттарды ашық қалдырмауды ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!