Астанада электр энергиясының тарифі 12,5%-ға қымбаттауы мүмкін
© Фото: unsplash
"Астана-РЭК" АҚ басқарма төрағасы Руслан Абжанов 25 мамырда Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетіндегі қоғамдық тыңдауда елордадағы электр энергиясы тарифін көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, тарифті 12,5%-ға арттыру ұсынылған.
"Астана-РЭК" АҚ электр энергиясының шекті бағасын 31,18 теңгеден 35,07 теңге/кВтсағ-қа дейін көтеруге өтінім берді", – деді Руслан Абжанов.
Компания тарифті қайта қарау қажеттігін бірнеше фактормен түсіндірді. Атап айтқанда:
- электр энергиясын сатып алу және тасымалдау құнының өсуі;
- KEGOC қызметтері бағасының қымбаттауы;
- қуат нарығындағы шығындардың артуы;
- теңгерімдеуші нарықтағы шығыстардың көбеюі;
- сараланған тарифтер мен тариф өсіміне енгізілген мораторий салдарынан қалыптасқан шығындарды өтеу қажеттігі.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім кейінірек қабылданатынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Астанада электр энергиясы тарифінің ықтимал қымбаттауына қатысты пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 25 мамыр 2026
Ақтөбеде жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды
-
16:50, 25 мамыр 2026
Мемлекет пен бизнес: бақылаудан серіктестікке өту
-
16:44, 25 мамыр 2026
Алматыда жылу мен ыстық су тарифтері 2026 жылғы 1 мамырдан бастап өзгерді
-
16:26, 25 мамыр 2026
Бұралқы алабай 45 қойды қырып кеткен: шаруа келтірілген зиянды екі жыл өткеннен кейін кімдерден өндіріп алды
-
16:12, 25 мамыр 2026
Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?





