«Аптап ыстық, нөсер жаңбыр». Еліміз бойынша алдағы дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pxhere
2025 жылғы 14 шілдеде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстардың болжамына сәйкес, республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұған атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы түрткі болады.
"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - дейді "Қазгидромет" РМК.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, желдің екпін алады деп болжанады.
Күндіз Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында сынап бағаны +35...+39 градусты көрсетіп, аптап ыстық болады деп күтіледі.
Түркістан облысында 14 шілдеде сынап бағаны +40 градусқа дейін, ал Маңғыстау облысында + 41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:17, 30 сәуір 2026
Алматыда жасөспірімдер төбелесі екі баланың өлімімен аяқталды
-
21:58, 30 сәуір 2026
Алаяқтар туристерді алдауға көшті: сарапшы жаңа айла-тәсілдермен бөлісті
-
21:35, 30 сәуір 2026
Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушілерге «баллмен бағалау» жүйесі енгізіле бастайды
-
20:30, 30 сәуір 2026
Президент көші-қон саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды
-
20:09, 30 сәуір 2026
Зейнеткер тауып алған әмиянды қайтармағаны үшін қамауға алынды





