Алматылық адвокат сотқа тартылып, лицензиясынан айырылды
© Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылы 16 қаңтарда Алматы қалалық соты таратқан хабарламада Бостандық аудандық сотында Әділет министрлігінің адвокат Мұрат Адамды адвокаттық лицензиясынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
"Сотқа жүгінуге лицензия беруші - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап арызында адвокат А-ның кәсіби міндеттерін атқару барысында қолданыстағы заңнама нормаларын өрескел және бірнеше рет бұзу фактілеріне жол бергені көрсетілген. Сот адвокат А-ның әлеуметтік желілерде өз құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ тергеу және сот органдарының заңсыз әрекеттері туралы жалған ақпарат жариялап, жұртшылықты жаңылыстырғанын анықтады. Нәтижесінде, тергеу органдарының қызметінің заңдылығын растайтын сот актілерінің болуына қарамастан, адвокаттың және оның қорғауындағы тұлғалардың құқықтары бұзылды деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылған", делінген сот хабарламасында.
Талап қоюшы - Әділет министрлігінің ұстанымы бойынша, азаптау фактілері туралы жария мәлімдемелер жасау және сот жүйесінің беделін түсіру адвокат мәртебесін теріс пайдалану болып табылып, тергеу органдарына қысым көрсету мақсатында қолданылған.
"Әділ сот пен адвокатураның беделіне нұқсан келтіретін жүйелі әрі жария сипаттағы әрекеттер сот тәртібімен лицензиядан айыру туралы талап қоюға негіз болған. Сот іс материалдарын, сондай-ақ тараптардың уәждерін зерделей отырып, талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады", делінген хабарламада.
Айта кетсек, ҚР Бас прокуратурасы 2025 жылғы 17 желтоқсанда қазақстандықтарды азаптау фактісі жайлы жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:15, 14 қыркүйек 2026
Тоқаев Корея Республикасына жетті
-
23:15, 13 қыркүйек 2026
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Гран-при турнирінде бес медаль жеңіп алды
-
23:12, 13 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
-
20:37, 13 қыркүйек 2026
«ALTYN ORDA» турнирінде 18 елден келген 200-ден астам мерген бақ сынауда
-
19:32, 13 қыркүйек 2026
«Сарбаз жолы»: БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды





