Алматыда самокаттардың жұмысы аяқ асты тоқтап қалды
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда самокаттарды жалға алу бойынша барлық сервистер ешқандай ескертусіз жұмысын тоқтатты. Бұл немен байланысты, олар қайтадан қашан қол жетімді болады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Кикшерингтің жаңа маусымы бүкіл Қазақстан бойынша басталған болатын. Алматыда ол наурыздың бірінші аптасында, күн жылысымен-ақ басталып кеткен. Алайда, сервис ешқандай ескертусіз 27 наурыз күні жұмысын тоқтатты. Әртүрлі себеппен самокаттар қолжетімсіз болып қалуда.

Сурет: Zakon.kz
Кейбір қала тұрғындары үшін қызметтің қолжетімсіздігі айтарлықтай мәселеге айналып отыр.
"Күнделікті жұмысқа самокат арқылы барамын. Мен үшін бұл тез әрі ыңғайлы. Өкінішке орай, бүгін қызметтер жұмыс істемей тұр. Бастапқыда қолданбамда ақау бар деп ойладым, сондықтан достарымнан көмек сұрадым. Алайда, оларда да істемейтін болып шықты. Артынша, проблема қала бойынша екендігін түсіндім",- деді алматылық Думан Қапасов.

Сурет: Zakon.kz
Самокаттарды жалға беру қызметтерінің ресми өкілдері жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қала басшылығының бұған қатысы жоқ екенін хабарлады. Алайда, микрокөліктер саласындағы мамандар бұл жайтты Ұлттық қауіпсіздік органдарының нұсқауы бойынша 29 наурызда өтетін ірі халықаралық іс-шараға байланысты енгізілді деп болжап отыр.
"Бұл жайттарды алдағы халықаралық іс-шарада бізге келетін қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Дегенмен бүгінге дейін Алматыда шетелдік делегациялармен халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде біз мұндай тәжірибені байқамадық. Мұндай іс-шаралар өткен жылдың басында Астанада, ШЫҰ саммиті кезінде қолданылды", – деді микрокөліктер бойынша сарапшы Әнуар Жүсіпов.

Сурет: Zakon.kz
Айта кету керек, 29 наурызында Алматыда халықаралық іс-шараларға байланысты жолдарға уақытша шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, Майлин көшесі, Құлжа трактіі, Бұқтырма көшесі, ВОАД, Әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Жароков көшесі, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Назарбаев даңғылында жол қозғалысына түзетулер енгізіледі.
Сонымен қатар, 29 наурызда сағат 00:00-ден 14:00-ге дейін осы ауданда тұратын азаматтардың автомашиналарынан басқа, "Медеу" БТСК және "Шымбұлақ" БТШК-на бару және жол жүру үшін жабық болады.
Бұған дейін электросамокаттардың неліктен апатқа жиі ұшырайтындығы жайлы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 31 наурыз 2025
Полиция зияткерлік камералардың көмегімен халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстады
-
12:54, 31 наурыз 2025
Германия билігі мектептерде мобильді құрылғыларға толық тыйым салуды қарастыруда
-
12:43, 31 наурыз 2025
Геофизиктер Мьянма мен Таиландтағы жойқын жер сілкінісінің себептерін айтты
-
12:31, 31 наурыз 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді
-
12:23, 31 наурыз 2025
Су тасқыны маусымы: еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай
Танымал жаңалықтар
-
14:20, 30 наурыз 2025
-
15:16, 30 наурыз 2025
-
15:53, 30 наурыз 2025
-
16:31, 30 наурыз 2025
-
14:58, 30 наурыз 2025
-
13:57, 30 наурыз 2025
-
16:11, 30 наурыз 2025
-
17:14, 30 наурыз 2025
-
17:11, 30 наурыз 2025
-
21:50, 30 наурыз 2025
-
22:25, 30 наурыз 2025
-
09:22, 31 наурыз 2025
-
09:51, 31 наурыз 2025
-
09:45, 31 наурыз 2025
-
09:02, 31 наурыз 2025