Алматы облысындағы Кеңдала ауылы биыл қыста жылусыз қалуы мүмкін
© Сурет: видеодан скриншот
Кеңдала ауылының тұрғындары биыл газ алмағандықтан, 100-ге жуық отбасы қыста жылусыз қалу қаупі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Almaty.tv хабарлауынша, тұрғындар тұрғын үйлерге құбыр жалғау үшін ақша төлеп қойған. Ескі пештерді алып тастаған. Биылдыққа көмір де сатып алынбаған. Бірақ жоба тоқтап тұр. Шенеуніктер орталықтандырылған жылумен қамту мәселесін тек келесі жылы ғана қолға алмақ. Сондықтан бұл қыста адамдар жылусыз қалайын деп отыр. Олар өз күшімен күресуге мәжбүр.
"Биыл бізге осындай үміт артты, бәрі қатты толқыды. Пәтерлерге жылу орнатуға мәжбүр болдық. Бұрынғы жылуды толығымен алып тастадық. Осы жердегі көптеген тұрғындарға егер біз БАҚ өкілдеріне айтсақ, онда АӘК-тен айырыласыңдар деді. Бұлай жасауға болмайды ғой. Мысалы, жалғызбасты аналар тек АӘК-мен өмір сүріп отыр. Көп тұрғын жылуды несие алып, орнатты", - дейді Кендала тұрғыны Нәзипа Үсембаева.
Кеңдала ауылдық округі әкімінің орынбасары Әйгерім Айтжанова тұрғындардың арыз-шағымына: "Адамдар 30 жыл жылусыз өмір сүрді ғой, онда тағыда сүре тұрады" деп жауап берді.
"Бұл мәселе тек оларда емес, ауылдық округте, тіпті облыста да бар. Онда көп адам тұрады. Талғардың өзі, яғни аудан орталығы 2020 жылы ғана орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Бәрі бірден қосыла қоймайтыны түсінікті емес пе?", - деді Кеңдала ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:01, 16 сәуір 2026
Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
-
22:57, 16 сәуір 2026
Алматыда толассыз жауын-шашынға байланысты қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
-
22:26, 16 сәуір 2026
Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД
-
21:42, 16 сәуір 2026
Жамбыл облысында оқушы өзіне қол жұмсаған: үш адам сотталды
-
21:08, 16 сәуір 2026
Шымкентте шенеуніктер 1,7 млрд теңге негізсіз жұмсамақ болған





