Алматы облысында ҚазҰУ археологтары сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты
© Сурет: farabi.university
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы сақ дәуіріне жататын алтын әшекейлерді тапты. Тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен Алматы облысының Ұйғыр ауданында қазба жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоғызбұлақ ауылының маңында ерте темір дәуіріне жататын қорғандар зерттелді. Мамандар ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан және 20-дан астам қорғаннан тұратын Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарында далалық зерттеулер жүргізді. Археологиялық нысандардың негізгі бөлігі тізбектеле орналасқан және солтүстіктен оңтүстікке бағытталған элиталық қорғандарға жатады. Тоғызбұлақ-2 қорымы ауылдың солтүстігінде орналасқан және жалпы саны 30-дан асатын түрлі қорғандардан тұрады.

Сурет: farabi.university
"Тоғызбұлақ-1 қорымындағы далалық зерттеулер барысында төрт қорған, ал Тоғызбұлақ-2 қорымында екі археологиялық нысан қазылды. Тоғызбұлақ-1 қорымындағы №3 және №4 қорғандардың үйіндісінен алтын әшекейлердің табылуы айтулы жаңалық болды. №4 қорғаннан ер мен әйелдің сүйектері табылды. Сүйек қалдықтарының жанынан керамикалық ыдыстар, темір заттар, тас келсап, жануарлар сүйектері, алтын тізбектің сынығы, әртүрлі алтын пластиналар және т.б. табылды".Тарих ғылымының докторы, профессор Досбол Байғонақов

Сурет: farabi.university
№3 қорғанның үйіндісінен адамның сүйек қалдықтары, сондай-ақ алтын пластиналар табылды. Олардың арасында арыстанның суреті салынған алтын жүзік ерекшеленеді. Мұндай артефактілер сирек кездеседі. Салмағы 8 грамға жуық жүзік алтын құймасынан жасалған. Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты. Бір қарағанда әйелдің жүзін, арыстанның тұмсығы мен жалын, тіпті бұқаны, қошқарды көруге болады, олардың таңбасы ежелгі тайпаларда кең тараған. Мамандардың айтуынша, мұндай жерлеу орындары мен артефактілер Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларына тән. Табылған қазбалар шамамен б.з.д. IV-III ғасырларға жатады.

Сурет: farabi.university
"Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарынан табылған заттар ерте темір дәуірімен мерзімделеді және қазіргі Ұйғыр ауданының аумағы сақ мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді", делінген университет хабарламасында.
Бұған дейін мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:44, 12 ақпан 2026
Қазақстандық конькимен жүгіруші 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді
-
22:10, 12 ақпан 2026
ШҚО-да полицейлер тыйым салынған өсімдіктер өсіретін фитозертхананы анықтады
-
21:48, 12 ақпан 2026
Павлодар облысында ауыл тұрғыны отбасылық жанжал үшін қамауға алынды
-
21:16, 12 ақпан 2026
Қарағандыда 19 жастағы туысының алтын бұйымын ұрлаған
-
20:55, 12 ақпан 2026
13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





