Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт: жалынның ауқымы қандай, оны ауыздықтау неліктен қиынға соғуда
© Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында екінші тәулік қатарынан Алатау қаласының Әли ауылы маңындағы қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 16 қыркүйекте облыс әкімдігі өрттің жақын маңдағы елді мекендер мен тұрғындарға қауіп төндірмейтінін атап өтті.
"Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД, Ұзынағаш ауылының №28237 әскери бөлімі, Қазселқорғау, Алматы қаласы ТЖМ Құтқару қызметі, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардан шамамен 150 адам мен 70-тен астам техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, қосымша ТЖМ-ның өрт сөндіру-сорғы станциялары, апаттық-құтқару көліктері, бульдозерлер, тралдар және басқа да арнайы техникалары жіберілді," – делінген ақпаратта.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, от ошақтары жердің терең қабатында орналасқан, яғни тек беткі жағында ғана емес, 10 метрге дейінгі тереңдікте де қалдықтар жануда. Полигон ішіндегі температура өте жоғары, сондықтан қызыл жалынды сөндіру де ұзаққа созылуда.
"Қалдықтар ұзақ уақыт ыдырағанда, метан газы түзіледі. Сонымен қатар, полигонның беті тұрақсыз, опырылып түсу қаупі бар. Осыған байланысты ауыр техниканың қозғалысы шектеулі", – деп түсіндірді әкімдік.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіру аймағына үздіксіз су жеткізу үшін Тереңқара өзеніне сорғы техника орнатылғанын айтты. Құтқарушылар диаметрі 77 мм болатын 70 сорғыдан тұратын магистральды су құбыры тартып, 6 техниканы іске қосты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 12 мамыр 2026
Атырауда автокөліктің қарсы бағытқа шығу дерегі дрон арқылы анықталды
-
22:11, 12 мамыр 2026
Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо «Қайраттан» кетті
-
21:47, 12 мамыр 2026
Астанада 13 жастағы жасөспірім ата-анасымен ренжісіп, мешітте түнеп шыққан
-
21:04, 12 мамыр 2026
Ауа райы күрт нашарлайды: Қазақстанда сәрсенбіде қай өңірлерде ескерту жасалды
-
20:36, 12 мамыр 2026
Billie Jean King Cup Junior: Қазақстан жасөспірімдері Гонконгты жеңіп, топтан шығу мүмкіндігін сақтады





