АҚШ-тағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмады - Трамп

22:08, 30 қаңтар 2025

© Сурет: flickr/White House

АҚШ-тағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған. Бұл туралы Президент Дональд Трамп мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN-нің хабарлауынша, ол қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ Трамп қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің арасында Ресей азаматтары бар екенін айтты.

Еске сала кетейік, кеше Вашингтон қаласында PSA Airlines әуе компаниясына тиесілі Bombardier CRJ700 жолаушылар ұшағы (60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі) Black Hawk Sikorsky H-60 әсери тікұшағына (3 әскери қызметкер) соқтығысып, өзенге құлаған.

Апат Рональд Рейган халықаралық әуежайына жақын маңда орын алған. Ал әскери тікұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!